×

Жазушы Мұхтар Мағауиннің қайда жерленетіні белгілі болды

Марқұмның жаназасы ертең, қаңтардың 11-інде Diyanet Center of America мешітінде шығарылады

Жазушы Мұхтар Мағауиннің қайда жерленетіні белгілі болды
Сурет: әлеуметтік желіден

Жазушы Мұхтар Мағауин Америкада жерленетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы АҚШ-та жүрген ІТ саласының маманы Тимур Бектұр әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Әгәрәки, АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай:

  • қаңтардың 9-ы, бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады,
  • қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі.
  • жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді", –  деп жазды ол парақшасында.

Еске сала кетейік, белгілі классик, Қазақтың халық жазушысы Мұхтар Мағауин бүгін таңертең АҚШ-та өз үйінде өмірден өткені туралы жазған болатынбыз. Барша қазақ халқына және жазушының отбасына  Qaz365.kz ақпараттық агенттігі ұжымының атынан қайғырып көңіл айтамыз.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →