×

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға ескерту жасады

Кореяда, Қытайда және АҚШ-та жүрген қазақстандықтар арасында жиі кездескен

ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға ескерту жасады
Сурет: voxpopuli.kz

Шетелде жүрген қазақстандықтар арасында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

“Шетелде білім алып немесе жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың өзара ақпарат алмасып, бір-біріне көмектесетін Telegram және WhatsApp-чаттарында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Қаскөйлер өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынған. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз”, – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Айласын асырған алаяқтар түскен қаражатты алғаннан кейін хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды
Кеше, 12:22

Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды

Саудаға шығарылған үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгеден басталады
Соңғы үш айда  Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілген
Олар «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген
Оның пәтерінен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →