×

Түркістан облысында 27 адам 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған

Жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған

Түркістан облысында 27 адам 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған
Сурет: alash.kz

Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Қылмыстық топ «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға бағытталған субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттер алудың алаяқтық схемасын пайдаланған. Ол үшін Кентау қаласында "Яссы-кредит НС " Кредиттік серіктестігі" ЖШС құрылып, іс жүзінде жоқ "Expert Consulting Group" ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалаулардың жалған актілерін пайдаланған. Мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп, қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген. Ол әлеуетті қатысушыларды іздеп, олардың рөлдерін бөліп, жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылаған. Сондай-ақ, құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған  және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып, ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған, ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған”, – делінген ҚМА ақпаратында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 27 адам күдікті деп танылып, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам күдіктілердің мүлкіне тыйым салынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген
Бүгін, 10:02

Ресей азаматы 5 баласымен Қазақстанға келіп есірткі өсірген

Күдікті Telegram арқылы марихуана тұқымын тапсырыс беріп, поштамен алдырып отырған
Оған   қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Компанияны ол 2015 жылы мемлекеттен 9 миллиард теңгеге жекешелендірген болатын
Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →