×

Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды

Бүгінгі таңда Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен 117 бағыт бойынша орнатылған

Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды
Сурет: ҚР Көлік министрлігі

Биыл Қазақстанда экотуризмді дамытып, экономикалық табыс табу мақсатында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы деректі ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді. 

«Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек» –  деген болатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі таңда Қазақстаннан халықаралық әуе қатынасы 31 елмен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағыт бойынша орнатылған.

“Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді”, – делінген Көлік министрлігі мәлімдемесінде.

Бұл жобалар Қазақстандағы авиациялық туризмді дамытуға, сондай-ақ еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға және оның халықаралық аренадағы тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды
Бүгін, 09:51

18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды

Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.
Ол үшін  жарамдылық мерзімі аяқталғанына 10 күннен аспаса жеткілікті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →