×

Қазақстанның 10 өңірінен криминалды қылмыстық топтар ұсталды

Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталған

Қазақстанның 10 өңірінен криминалды қылмыстық топтар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қазақстанның 10 өңірінде ҚАЖ мекемелеріне әсер ететін қылмыстық топтарды ұстау ісі бойынша ауқымды операция жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы деректі ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 

“21 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операцияны аяқтады. Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүзеге асырылды. Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар да кірген.

“Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 кг-нан астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді. Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын атап өткен жөн. Жедел іс-шаралар жалғасуда”, –  деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып жүргенін мәлімдеген
Бағдарламалық жүйе жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген
Ақылы жолдарға төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі ұсынылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →