×

Қызылорда-Арал ақылы жолына көліктердің қанша төлейтіні белгілі болды

2025 жылғы 26 қаңтардан бастап «Қызылорда-Арал» жолы ақылы болады

Қызылорда-Арал ақылы жолына көліктердің қанша төлейтіні белгілі болды
Сурет: kapital.kz

2025 жылғы 26 қаңтардан бастап «Қызылорда-Арал» жолы ақылы болады. Соған байланысты көліктердің әр шақырым үшін қанша ақша төлейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы деректі ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді. 

“Қазақстан Республикасы Көлік Министрлігінің 2025 жылғы 9 қаңтардағы №6 Бұйрығына сәйкес, Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Дәлірек айтқанда, ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап қосылады”, – делінген Көлік министрлігі мәлімдемесінде.

Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем – 2840 теңге, кейінгі төлем – 3330 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем – 5750 теңге, кейінгі төлем – 6740 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін алдын ала төлем – 8570 теңге, кейінгі төлем – 10 100 теңге;
  • Жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем – 11 470 теңге, кейінгі төлем – 13 470 теңге;
  • Жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем – 14 290 теңге, кейінгі төлем – 16 830 теңге болып бекітілді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды
Кеше, 12:22

Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды

Саудаға шығарылған үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгеден басталады
Соңғы үш айда  Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілген
Олар «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген
Оның пәтерінен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →