×

Университеттерді интернационалдандыру стратегиясы талқыланды

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Университеттерді интернационалдандыру стратегиясы талқыланды

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында ҚР ҒжЖБ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті және Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен  практикалық семинар өтті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Интернационалдандыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар және ҚР жоғары оқу орындарында интернационалдандыру деңгейін өлшеуге арналған құралдарды әзірлеу мақсатындағы семинарға халықаралық қызмет жөніндегі проректорлары, халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің директорлары, ҚР жоғары оқу орындары декандарының орынбасарлары қатысты.  

Семинар қатысушылары алдында спикерлер ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания елшілігінің дипломатиялық миссиясының өкілдері, сондай-ақ халықаралық білім беру және мемлекеттік құрылымдар саласындағы сарапшылар тобы сөз сөйледі.  

Төрт бөлімнен тұрған семинар барысында еліміздің жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы, QS, WUR, THE рейтингтеріндегі жетістіктері көрсетілді, интерактивті пікірталас өткізіліп, онда қатысушылар көптеген практикалық тапсырмаларды орындады және нақты тәжірибеден алынған кейстерді талдады, ашық диалог алаңы форматында бірлескен және қос дипломды бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында білім беру мен зерттеулерді интернационалдандыруды іске асыру бойынша мысалдар мен кедергілер, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, университеттерді интернационалдандыру стратегиясына енгізуге болатын ұсыныстар айтылды.

Басқосу соңында қатысушылар интернационалдандыру үдерістерінің сапасына бірлескен баға беріп, ҚР университеттерінің халықаралық қызметін стратегиялық жоспарлау бойынша өз пайымдауларын жасап шығарды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →