×

Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне қанша қаражат беріледі

Биыл Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өтеді

Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне қанша қаражат беріледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне  қанша қаражат берілетіні белгілі болды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігі мәлімдеді.

«Облыс, елорда және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне биыл 120 соғыс ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», – делінген министрлік ақпаратында.

2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 120 соғыс ардагері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады.

Оның ішінде:

  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам;
  • концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам;
  • соғыс кезінде жараланған, контузия, зақымдану немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам;
  • соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам;
  • тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.

Айта кетейік, биыл Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өтеді. Сондай-ақ Жеңістің 80 жылдығына арналған аронайы медаль шығарылатынын жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →