×

Қазақстан пойыздарында интернет іске қосылатын болды

Заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімді болмақ

Қазақстан пойыздарында интернет іске қосылатын болды
Сурет: railways.kz

Қазақстан пойыздарында интернет іске қосылатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады. Бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі № ¾ «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылады.Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылатын болады. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады», — делінген ұлттық тасымалдаушы компанияның хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО әкімі «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысты
Кеше, 23:22

ШҚО әкімі «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысты

Шырақтар жоғарыдан қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі
Облыс әкімі көзі тірі соғыс ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді
Қарудан оқ атылып, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →