×

Ел мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің есімі берілетін болды

Бұл шара ҚМДБ -ның құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылмақ

Ел мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің есімі берілетін болды
Сурет: коллаж: ҚМДБ/Қазахфильм

Еліміздің мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің есімі берілетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың  есімін мешіттерге береміз», –  деді ҚМДБ Төрағасы. 

Қазақстанда қазіргі таңда жалпы саны 2888 мешіт жұмыс істеп тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Еуроодақ Қазақстанға қатысты санкцияларды талқылауды кейінге қалдырды
Бүгін, 14:43

Еуроодақ Қазақстанға қатысты санкцияларды талқылауды кейінге қалдырды

Еуроодақ Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін қарауды белгісіз мерзімге шегерді
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге төлеу үшін пайдалануды алып тастауды ұсынып отыр
Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →