×

Қазақстанда АЭС-ті кім салатыны қашан жарияланады

Қазіргі уақытта әлеуетті вендорлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр

Қазақстанда АЭС-ті кім салатыны қашан жарияланады
Сурет: kernenergie.de

Қазақстанда АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының атом электр стансасының құрылысын жеделдету туралы тапсырмасына сәйкес жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта әлеуетті вендорлармен келіссөздер жүргізілуде. Шешім бірінші жартыжылдықтың соңында белгілі болады”, – деді Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелген:

  • Ресейдің «Росатом»,
  • Қытайдың CNNC,
  • Оңтүстік Кореяның KHNP,
  • Францияның EDF компаниясы.

Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл маусым айында қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Бүгін, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →