×

Болат Назарбаевтың "оң қолы" саналған Қоспаевқа сот үкімі шықты

Ағайынды Елдос, Айдос, Айбек Қоспаевтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, ірі бизнестерді басып алған

Болат Назарбаевтың "оң қолы" саналған Қоспаевқа сот үкімі шықты
Фото: ҚМА

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Коспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне үкім шығарды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Сот шешімімен Елдос Коспаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтейтін болады.

Айта кетейік, ағайынды Елдос, Айдос, Айбек Қоспаевтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС сияқты ірі бизнестерді басып алған болатын. ҚМА бұған қатысты тергеуді аяқтап, Алматыдағы Айдос Қоспаевқа тиесілі «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлкіне тыйым салған еді.

Кейін Қаржы мониторинг агенттігі бірнеше үлкен бизнесті басып алған ағайында Қоспаевтарға қатысты тағы бір қылмысты анықтаған еді.

Қазақстанда компанияларды рейдерлік жолмен тартып алумен айналысқан Қоспаев басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 11 адам болған. Қылмыстық топтың мүшелері алғаш рет өткен жылдың шілде айында ұсталғаны белгілі болды. Олар Алматы, Алматы облысында және тағы үш аймақта әрекет еткен. Рейдерлер көлеңкелі бизнесті белсенді жүргізіп, одан түскен табыстарды заңдастыру мақсатында қымбат жылжымайтын мүлік пен автокөліктер сатып алған.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады
Кеше, 12:04

Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады

Қазақстанда 2025 жылы жаңа стандартпен 7 жол салыну жоспарланған
Бұл жағдайда әуе тасымалдаушы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылып отыр
Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →