×

Ақшалай сыйақы бергенге ғана көмір сатқан: 23 компанияны туыстарына тіркегендердің әрекеті әшкере болды

Қазір ол компанияның 3 басшысына қамауға алынып, біреуіне іздеу жарияланған

Ақшалай сыйақы бергенге ғана көмір сатқан: 23 компанияны туыстарына тіркегендердің әрекеті әшкере болды
Сурет: inbusiness.kz

 «Modern Trading Solutions» тауарлық биржасының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеп отыр.

«Modern Trading Solutions» тауарлық биржасының басшылығы биржалық сауданың негізгі қағидаларын бұзып, Шубаркөл кен орнынан көмірді тек заңсыз материалдық сыйақы төлеген тұлғаларға сатқан.  Сонымен қатар, «Modern Trading Solutions» тауар биржасының басшылығы 23 брокерлік компанияны туыстары мен сенімді тұлғаларының атына тіркеп, өздерінің жұмысын көмір саудасына тек ұдайы ақшалай сыйақы беретін адамдарды жіберетіндей етіп ұйымдастырған”, – делінген ҚМА ақпаратында.

Компания ақшалай сыйақы бермеген кәсіпкерлерге аккредитация мерзімін созып, келісімшартқа қол қоймау, саудаға қолжетімділігін шектеу және олардың нәтижелерін жою арқылы кәсіпкерлерге саудаға қатысуына жол бермеген.

“Аталмыш жағдай әсіресе жылыту маусымы алдында көптеген арыз-шағымдар мен әлеуметтік шиеленіске әкеліп соқтырған. Қылмыстық топтың жыл сайынғы кірісі 2 млрд теңгеден асқан, оны өздеріне қарасты компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Сауда биржасының 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ал тағы біреуіне осындай шарамен қатар іздеу жарияланды”, – делінген ҚМА хабарламасында.

 Негізінен аталмыш компания көмірді қолданыстағы заңнамаға сәйкес, саудагер сауда биржалары арқылы бәсекелестікті дамытуға, делдалдарсыз, оның әділ бағасын қалыптастыруға ықпал жасауға тиіс болған.

✅

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Шатастырып алмаңыз!": Қызғалдақ жұлу бас бостандығынан айыруы мүмкін
Бүгін, 08:29

"Шатастырып алмаңыз!": Қызғалдақ жұлу бас бостандығынан айыруы мүмкін

Қазақстанда қызғалдақтың 18 түрі "Қызыл кітапқа" енген
Бұл шағын және орта бизнес үшін  қиындықтар тудыруы мүмкін
Конкурсқа барлық шығармашылық тұлғалар мен дизайнерлер қатыса алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →