×

Халықаралық іздеуде жүріп адам өлтірген қаржы пирамидасының басшысы кім

Ол 4,7 мыңнан астам салымшының жалпы сомасы 15 млрд теңге қаражатын заңсыз иемденіп кеткен

Халықаралық іздеуде жүріп адам өлтірген қаржы пирамидасының басшысы кім
Сурет: egemen.kz

Халықаралық іздеуде жүріп адам өлтірген «QI-Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасының жетекшісі елге экстрадициялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Бас прокуратура Қырғызстаннан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады. Топ мүшелері 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында «QI-Trade» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшының жалпы сомасы 15 млрд теңге қаражатын заңсыз иемденген. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеу жарияланды. Ол іздеуде бола тұра Қырғызстанда кісі өлтіру қылмысын жасап, қырғыз сотымен сотталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол уақытша ұстап берілді, ал қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаннан кейін Қырғыз Республикасына қайтарылатын болады.Осылайша, көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтетін болады», –  делінген ақпаратта.

Осыған дейін Бас прокуратура бұл қылмыстық топтың екі мүшесін Ресей мен Польшадан экстрадициялап, бірнеше жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін, 09:33

"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!
Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →