×

Қазақстанда биыл тағы 4 мың шақырым жол ақылы болады

2024 жылы ақылы жолдардан түсім 48 млрд теңге болған

 

Қазақстанда биыл тағы 4 мың шақырым жол ақылы болады
Фото: Үкімет

Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскелер енгізілетін болады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жолдарды нормативті күтіп ұстаудың тағы бір құрамдас бөлігі қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесі. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкция және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде «ақылы» статусын кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда. Қазір республика бойынша ұзындығы 3 мың 200 шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді», - деді Марат Қарабаев.

Қазіргі ақылы жолдар: Астана-Щучинск (211 км), Астана-Теміртау (134 км), Алматы-Қонаев (42 км), Алматы-Хоргос (295 км), Астана-Павлодар (375 км), Қонаев-Талдықорған (186 км), Тараз-Қайнар (238 км), Шымкент-Қызылорда (447 км), Шымкент-Тараз (90 км), Шымкент-Ташкент (84 км), Щучинск-Көкшетау (61 км), Павлодар-Қалбатау (453 км), Бейнеу-Ақжігіт (85 км), Орал-Самара (56 км), Павлодар-Омск (198 км), Көкшетау-Петропавловск (169 км), Орал-Саратов (99 км), Қызылорда-Арал (455 км).

2024 жылы осы ақылы жолдардан түсім 48 млрд теңге түскен.

«Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскелер енгізілетін болады, олардан келетін түсімдер көлемі биыл 60 млрд., ал келесі жылы 100 млрд. теңгеге дейін жетеді. Бұл ретте, осы ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылуда», - деді Қарабаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көліктердің орташа жылдамдығын есептейтін жүйе қашан іске қосылады
Бүгін, 12:51

Көліктердің орташа жылдамдығын есептейтін жүйе қашан іске қосылады

Енгізілген орташа жылдамдық жол қауіпсіздігін сақтауға ерекше әсер етпек
Олар ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берген
Қазір республика бойынша ақылы жолдың ұзындығы – 3 мың 200 шақырым
Биыл көктемде су басу қаупі жоғары өңірлер аталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →