×

Қазақстандық шенеуніктер қанша жалақы алады

Министрлер мен депутаттар, әкімдердің жалақысы белгілі болды

Қазақстандық шенеуніктер қанша жалақы алады
Сурет: gov.kz

Қазақстандық шенеуніктер қанша жалақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы мәліметтер ҚР Ұлттық статистика бюросында келтірілген. 

2024 жылы премьер-министр мен оның орынбасарлары мемлекеттік қызметшілер арасында ең жоғары жалақы алды – айына орта есеппен 2,46 млн теңге. Бұл Қазақстан бойынша орташа жалақыдан 6 есе жоғары (390,3 мың теңге).  

Басқа жоғары жалақы алатын лауазымдар:  

  •  Министрлер мен олардың орынбасарлары –  1,52 млн теңге,
  •  Мәжіліс депутаттары –  1,26 млн теңге,
  • Сенат депутаттары – 1,13 млн теңге,  
  • Облыстар мен ірі қалалардың әкімдері –  1,69 млн теңге.

Әйел шенеуніктер ұқсас лауазымдарда орта есеппен ер адамдарға қарағанда көбірек жалақы алған. Мысалы, Мәжілістегі әйел депутаттар – 1,92 млн теңге, ал ерлер 1,09 млн теңге алған.  

Облыс әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдері ең төменгі жалақы алады. Оның мөлшері – 836,9 мың теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада азаматтық форум өтті
26.09.2025ж. 21:32

Қызылордада азаматтық форум өтті

Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.
Әкімдік LRT-ны бірінші тоқсанның соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр
Ақорда кадрлық ауыс-түйістің жалғасып жатқанын хабарлайды
СІМ басшылығына Ермек Көшербаев келді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →