×

Мектептерде есірткісі бар "құлпынай квик" кәмпиттері таралып жатыр: ІІМ мәлімдеме жасады

Ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды

Мектептерде есірткісі бар "құлпынай квик" кәмпиттері таралып жатыр: ІІМ мәлімдеме жасады
Сурет: ҚР ІІМ

Мектептерде есірткісі бар "құлпынай квик" кәмпиттері таралып жатыр деген ақпарат жалған,деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

“WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралып жатыр. ІІМ бұл таралым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн”, –  деп ескертіп отыр ҚР ІІМ.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске салып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Шатастырып алмаңыз!": Қызғалдақ жұлу бас бостандығынан айыруы мүмкін
Бүгін, 08:29

"Шатастырып алмаңыз!": Қызғалдақ жұлу бас бостандығынан айыруы мүмкін

Қазақстанда қызғалдақтың 18 түрі "Қызыл кітапқа" енген
Бұл шағын және орта бизнес үшін  қиындықтар тудыруы мүмкін
Конкурсқа барлық шығармашылық тұлғалар мен дизайнерлер қатыса алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →