×

Алматы облысында топырақ көшкіні жүрді

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында топырақ көшкіні жүрді
instagram/kris_p_talgar

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ көшкіні болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші пультіне 27 ақпан күні сағат 09:50-де Талғар ауданы Бесағаш ауылының «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ көшкіні түскені туралы хабар түсті.

«25-26 ақпан аралығында қар аралас жаңбыр жауып, топырақ батпақтанып, нәтижесінде тау баурайынан Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды. Топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірді. Екінші үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →