×

Премьер-Министр: Біздің мамандарымыз Түркияда бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады

Үкіметтің бүгінгі отырысын Премьер-Министр Түркияда болған құтқарушыларға алғыс білдіруден бастады

Премьер-Министр: Біздің мамандарымыз Түркияда бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады
ашық дереккөзден

Өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралып жатқан Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан еліміздің ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ең алдымен, бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →