×

«Әкімдерде ықылас жоқ»: Бектенов туристік саланың кенже қалғанын қатаң сынға алды

Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді

«Әкімдерде ықылас жоқ»: Бектенов туристік саланың кенже қалғанын қатаң сынға алды
Фото: gov.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов туристік саланы дамытпай отырған әкімдерді қатаң сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Кейбір өңірлерде инвестиция тарту деңгейі керісінше төмендеп кеткенін көріп отырмыз.Олардың қатарында Атырау, Қарағанды, Жетісу, Павлодар, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарын атап өтуге болады. Бұл өңірлер тарихи-мәдени мұраларға бай әрі көрікті жерлер де көп. Демек, әкімдіктерде бұл бағыттағы жұмысқа тиісті ықылас жоқ деген сөз”, - дейді Бектенов.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысы инфрақұрылымды кешенді түрде дамытып, сервис сапасын түбегейлі жақсартуды тапсырғанын еске алды.

“Өйткені, дәл осы проблемалар туризмнің дамуына тұсау болып отыр. Елімізде көздің жауын алатын көрікті жерлер көп. Бірақ оларға жетудің өзі бір мұң. Әзірге жағдайдың өзгеретін түрі байқалмайды. Мысалы, Шығыс Қазақстанды немесе Балқаш пен Алакөлді алып қарайтын болсақ, не сапалы жол жоқ, не аялдайтын арнайы тұрақтар мен кемпингтер қаралмаған. Туристер күйі кеткен демалыс орындары мен ондағы санитариялық талаптарға сай келмейтін қолайсыз жағдайларға мойынсұнуға мәжбүр”, - деді Бектенов.

Осыған байланысты Бектенов әкімдерге мынадай тапсырма беріп отыр:

Біріншіден, Көлік және Туризм министрліктері мен әкімдіктер демалыс аймақтарындағы инфрақұрылым жобаларының аяқталуын қамтамасыз ететін болды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорымен бірге пойыздар санын көбейтіп, авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешу қажет деп атап өтті.

Екіншіден, Туризм және спорт министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, агро және экотуризмді дамыту мақсатында жаңа жобалар әзірлеу тапсырылды.

Үшіншіден, әкімдіктер жаңа дестинация орындары мен туристерді тарту мәселесін пысықтауға тиіс. Сондай-ақ Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірге туристік объектілердің жазғы маусымға дайындығын қамтамасыз етіп, саяхаттаушылардың қауіпсіздігі шараларын қабылдауы қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →