×

«Феминистердің оқу ордасында дәріс өткізгені рас па?»: Министрлік жауап берді

«Феминистердің оқу ордасында дәріс өткізгені рас па?»: Министрлік жауап берді
скрин видео

Бүгін әлеуметтік желіде журналист  Ерқанат Көпжасар  феминистердің сабағынан үзінді видео жариялаған болатын. осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеодағы кадрларға көз жүгіртсек, феминист Жанар Секербаеваның дәріс өткізіп жатқанын байқауға болады. 

Бұлар қандай мақсатта дәріс береді? Және сабақтарында өздеріне қарсы адамдарды талқылайтыны қалай? Гендерлік азшылық. Құқықтарына қол сұқпайық. Бірақ ЛГБТ дәл осылай оқу ордаларының қабырғасында насихатталуы керек пе?, -деп жазды журналист. 

Автордың жазуынша, феминистер білім беру ошақтарына оңай кіріп алған.  

Алайда министрлік өкілі мұны жоққа шығарды. Бұл фейк ақпарат екен.

Әлеуметтік желілерде «Феминита» феминистік бастамасының семинарына қатысты видеоның таралуына байланысты бұл іс-шараның білім беру ұйымының аумағында өтпегенін, әрі оған білім алушылардың қатыспағанын ресми түрде мәлімдейміз. Семинар Алматы қаласындағы қонақүйлердің бірінің конференц-залында өткен.Сонымен қатар білім беру ұйымдарының (балабақша, мектеп, колледж) интерьері олардың бейініне сәйкес өзіндік ерекшеліктерге ие екенін назарға саламыз. Азаматтардың тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз, - дейді Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда көлікті техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді
Бүгін, 10:53

Қазақстанда көлікті техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді

Өзгерістер 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді
Күдікті Telegram арқылы марихуана тұқымын тапсырыс беріп, поштамен алдырып отырған
Оған   қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Компанияны ол 2015 жылы мемлекеттен 9 миллиард теңгеге жекешелендірген болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →