×

Шымкентте 500 литр есірткі өнімі бар зертхана белгілі болды

Қазір қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

Шымкентте 500 литр есірткі өнімі бар зертхана белгілі болды
Сурет: ҚР ҰҚК

Шымкентте 7 килограммнан аса есірткі өнімі мен 500 литр есірткі дайындайтын өнімі бар зертхана белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ағымдағы жылғы 6 ақпанында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды. Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

 Қазір қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол үйінің есігін тас қып жауып, газ құбырын жұлып алған 
Жемқорлық фактісі Жақсы ауданының білім бөлімінен анықталып отыр
Бұл қайтыс болған адамның инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →