×

Енді жолаушылар пойыздардың қай жерде келе жатқанын біле алатын болды

Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде өңлеп отырады

Енді жолаушылар пойыздардың қай жерде келе жатқанын біле алатын болды
Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Жолаушыларға арналған «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға арналған «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді. Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады”, – делінген хабарламада.

Аталған қызмет жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді. Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде орталыққа жіберіп, пойыздардың орналасқан жерін дәл анықтауға және қозғалыс кестесін жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа сервис жолаушыларға  “Қазақстан темір жолы” компаниясының ресми сайтында қолжетімді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтты
Бүгін, 16:17

Тоқаев әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтты

Жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар
Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады
Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →