Тестке өтініш беру мерзімі бүгін басталып отыр
Педагогтердің біліктілігі мен білімін анықтайтын тесттің қашан өткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ақпартты Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“2025 жылғы 19 ақпан мен 22 ақпан аралығында app.testcenter.kz сайтында Педагогтердің біліктілігі мен білімін анықтайтын тестке өтініштерді қабылдау жүргізіледі. ПББ-ның өзі 21-28 ақпан аралығында өтеді”, – делінген ақпаратта.
Бұл тестілеуге келесідей санаттағы тұлғалар қатыса алады:
- педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.
- біліктілік санаттарын арттыратын (растайтын) педагогтер.