×

Мүфтият оразаның алдында арақ ішетіндерге қатысты пәтуа шығарды

Мүфтият оразаның алдында арақ ішетіндерге қатысты пәтуа шығарды

ҚМДБ ғұламалар кеңесі Рамазан айына дейін арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген сұраққа қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім арақ ішетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады» делінген, - делінген мүфтият таратқан ақпаратта.

Басқарма мәліметінше, намаз сауабының жоғалуы тәубе етпеуі және арақ ішуді доғармауына байланысты. 

Егер шынайы тәубе етсе, бұл жаза да оның мойнынан түсіріледі. Өйткені шынайы тәубе алдыңғы істеген күнә істі жояды. Осыған орай ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды, – делінген хабарламада.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол үйінің есігін тас қып жауып, газ құбырын жұлып алған 
Жемқорлық фактісі Жақсы ауданының білім бөлімінен анықталып отыр
Бұл қайтыс болған адамның инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →