×

"30 пайыз сыйақы": Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты

Тінту барысында олардан  1,2 млрд теңге мен 13 автомашина тәркіленген

"30 пайыз сыйақы": Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты
Сурет: Бейнеден кадр

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді. Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30% - на дейін пайда табуға уәде берген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін, 09:33

"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!
Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →