×

"Мұның бәрі далбаса": Лукашенко Қытайдағы ұйғырлар туралы пікірін білдірді

Оларға Қытайды әлсірету керек

"Мұның бәрі далбаса": Лукашенко Қытайдағы ұйғырлар туралы пікірін білдірді
ria.ru

Көбінесе басқа мемлекеттердің істеріне өрескел араласу үшін АҚШ пен батыс елдері адам құқықтары үшін күресті сылтау етті. Әңгіме Қытайдағы ұйғырлар жайында. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігіне берген сұхбатында Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.

"Адам құқықтары жоқ жағдайды ушықтыру..., міне, американдықтар келіп, ұйғырларға "демократия" орнатып, адам құқықтарын қорғауға көмектеседі... Мұның бәрі далбаса. Тек Қытай ғана өз аумағындағы барлық халыққа еркін өмір сүруге құқық бере алады", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, бұл халықтардың қалыпты өмір сүруін тек Қытай ғана өзінің күшімен және саясатымен қамтамасыз ете алады.

"Американдықтар осы арқылы (Қытайға) кіріп, азаматтық соғысты бастағысы келеді. Оларға Қытайды әлсірету керек. Сондықтан олар жеке мемлекеттерді басқара алатын әртүрлі жолдар мен батырмаларды іздейді. Тек мемлекеттерді ғана емес, тұтас өңірлерді басқаратын", - деп түсіндірді Беларусь көшбасшысы.

Оның айтуынша, әлем өзгерді, бүгінде, АҚШ тіпті, барлық майдандарда соғыс жүргізе алмайды.

"Сондықтан келісу керек. Барлық жерде келісу керек. Жапония, Корея, Қытай, Ресей, Үндістан, басқа да елдердің өз мүдделері бар. Тіпті дамып келе жатқан Африканың да өз мүдделері бар. Ірі елдер Батыстың Африканы (мен жақында Африкада болдым және бұл процестермен жақсы таныспын) басып алғысы келетіні сияқты жаңа отарлау саясатын жүргізудің орнына олардың мүдделерін ескеріп, қарастыруы керек. Әлем тек осы бағытта дамуы керек", - деді Беларусь Президенті.

 

 РИА жаңалықтары

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →