×

БҚО-да ақбөкенді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

БҚО-да ақбөкенді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Ашық дереккөздерден

БҚО полицейлері 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы ПД ҰҚҚК басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.

Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 339-1-бабында көзделген «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» қылмыс жасады деген күдік бойынша 5 адам Орал қаласы полиция бөліміне жеткізілді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →