×

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды

Ұсталған О.Токарев өзінің кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келісті

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды
Коллаж Ulysmedia.kz

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуылдар ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомстовоның мәліметінше, Ұсталған О.Токарев өзінің кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келісті.

“Оған басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды. Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды,  яғни “қабандар” деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар ашық ақпараттық дереккөздерден жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді  жинаған. Мемлекеттік ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген. Токаревпен бірге арандатуларды іске асыру жолдарын (көліктерді өртеу, қауіп төндіру және шабуылдау) әзірлеген.

Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), “Orda” және “Elmedia” сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. “Ulysmedia” редакциясының сайтын бұзған.

Қазіргі таңда Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарын халықаралық іздеуге жариялау мәселесі пысықталуда. Бастамашылдарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Бұған дейін Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталғанын жазған болатынбыз

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда
Кеше, 11:29

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →