×

БҚО: «AMANAT» партиясы мүгедектердің уәжін ескерусіз қалдырмайды

Оралда 26 оңалту орталығы бар. Облыста 6 мыңнан астам мүгедек бала бар.

БҚО: «AMANAT» партиясы мүгедектердің уәжін ескерусіз қалдырмайды

«AMANAT» партиясының БҚО-дағы сайлауалды штабының жетекшісі Мұрат Мұқаев пен кандидаттар «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігіндегі мүгедек балалардың аналарымен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Снежанна Имашева мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мирболат Құрманғалиев әлеуметтік қолдау шараларына ел қазынасынан қомақты қаражат бөлініп жатқанын атап өтті. Әйткенмен жергілікті деңгейде шешуді талап ететін бірқатар мәселе бар.

          Оралда 26 оңалту орталығы бар. «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі сал ауруы, аутизм және басқа да дертке шалдыққан балалардың аналарымен бірлесе жұмыс атқарып келеді. Үкіметтік емес ұйымның құрылғанына 17 жыл болған. Былтыр желтоқсан айында мұнда 81 бала оңалту қызметін алған. Ал биылдан бастап оңалту орталығы жұмысын тоқтатыпты. Өйткені бюджеттен қаржы әлі бөлінбеген. Күн сайын мамандардың көмегіне жүгінуі тиіс балалар қазір үйінде отыр.

          – Біздің орталықта 12 маман бар. Атап айтқанда, логопед, дефектолог, психолог, емдеу жаттығуы бойынша нұсқаушы, массажист және т.б. Олар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі сырқат балаларға көмек көрсетеді. Балалар әр түрлі үйірмелерге қатысады. Биыл жыл басталғалы бері мамандарымыз жұмыссыз отыр. Себебі бізге бюджеттен қаражат түспеді. Мамандарымыздан айырылып қаламыз ба деп алаңдап отырмыз. Оның үстіне балалардың санына қарай қаржы көлемін де қысқартып тастады. Былтыр оңалту орталығында 81 балаға көмек көрсетілсе, биыл тек 35 балаға ғана қаражат берілмек, – дейді қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мерует Санкаева.

          Штаб шетекшісі Мұрат Мұқаев партияның әлеуметтік салаға қолдау білдіретінін жеткізді. Сайлауалды бесжылдық бағдарлама аясында облыстық филиал әлеуметтік осал топтарға көңіл бөледі. Қазіргі таңда облыста 6 мыңнан астам мүгедек бала бар. 4 300 балаға инклюзивті білім беріледі. Оның ішінде мың шақтысы мемлекеттік балабақшаларда, қалғаны мектептерде.

          – «AMANAT» партиясы өңірдегі мектептердің бейімделуін 35%-дан 70%-ға дейін арттырмақ. Оралда ерекше қажеттілігі бар жандар үшін 150 орындық оңалту орталығы салынады. Психологиялық-педагогикалық түзету мекемесі бой көтереді. Барлық спорт кешендерінде мүгедектердің жаттығуы үшін қолайлы жағдай жасалады, – деді штаб жетекшісі.

          Кандидат Снежанна Имашева мүгедек балалардың аналары айтқан мәселелерді қағазға түртіп алды. Ал штаб жетекшісі алдағы уақытта облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің өкілдерін шақырып, тағы бір кездесу өткізуге уәде берді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 салымшысын құр алақан қалдырған «Buyers Union» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты
Бүгін, 09:53

250 салымшысын құр алақан қалдырған «Buyers Union» қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты

Әр салымшы ай сайын 30 мың теңге және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеп отырған
Биыл Ораза айттың бірінші күні 30 наурызға тура келеді
Ақбөкендердің жаппай қырылуына не себеп болғаны әлі анықталмаған
Бұл туралы Президент жарлығы ресми бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →