Жаңа жүйенің басты артықшылығы – төмендетілген мөлшерлеме
inDrive – көлік және қалалық қызметтерге арналған халықаралық платформа – Салық кодексі мен Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді осы сервистің серіктес жүргізушілері үшін салық агенті болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жүргізушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы арнайы салық режимін (СНР СМП) қолданса, inDrive-пен тікелей жұмыс істей алады. Бұл тәсіл салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді жеңілдетеді.
inDrive сервисі салық агенті рөлін өз мойнына алып, қосымшада СНР СМП режимінде тіркелген жеке кәсіпкерлер үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде ұстап, аударып отырады.
Жаңа жүйенің басты артықшылығы – төмендетілген мөлшерлеме: жалпы 4% (оның ішінде жеке табыс салығы – 1%, зейнетақы жарнасы – 1%, әлеуметтік аударым – 1%, міндетті медициналық сақтандыру жарнасы – 1%). Жүргізушілер енді әлеуметтік төлемдерді өздері есептеп, аудармайды – бәрі E-Salyq Business қосымшасы арқылы автоматты түрде орындалады.
Бұл жүйенің тағы бір маңызды тұсы – жүргізушінің барлық табысы ресми тіркеледі. Бұл несие, ипотека алу және түрлі әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізу ісін жеңілдетеді.
inDrive компаниясының кантри-менеджері Арай Бекембаев: «Біз жүргізушілермен жаңа форматта жұмыс істеуге көшіп, олардың заң алдындағы мәртебесін нақтылауға және әлеуметтік қорғалуына жол ашып отырмыз. Бұл – еліміздегі қызметімізді дамытудың маңызды кезеңі. Салық агенті ретінде біз барлық төлемдерді уақытылы аударуға жауаптымыз, ал жүргізушілер өз ісіне толықтай көңіл бөле алады», – деп атап өтті.
inDrive-пен тікелей жұмыс істеу үшін жүргізушіге мынадай қадамдар қажет:
1. E-Salyq Business мобильді қосымшасын жүктеп алып, келесі параметрлер арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу:
• Қызмет түрі (ОКЭД) – «49320 – такси қызметі»;
• Арнайы мобильді қосымшаны қолданатын салық режимін таңдау (СНР СМП).
2. elicense.kz порталы арқылы жолаушы және жүк тасымалы қызметін бастайтыны жөнінде хабарлама беру.
3. inDrive қосымшасында жеке кәсіпкер ретінде жұмыс режимін таңдау.
Егер жүргізушіде басқа салық режимімен тіркелген кәсіпкерлік болса немесе қызмет түрі өзгеше болса, E-Salyq Business қосымшасында салық режимі мен қызмет түрін өзгертуі қажет.
inDrive компаниясы туралы
inDrive – Маунтин-Вью, Калифорния, АҚШ-та орналасқан көлік және қалалық қызметтерге арналған жаһандық платформа. inDrive қосымшасы 280 миллион рет жүктеліп, үш жыл қатарынан ең көп жүктелетін такси шақыру қосымшасы болып отыр. Сапарларды ұйымдастырудан басқа, inDrive қалалық қызметтердің кеңейіп келе жатқан тізімін ұсынады, оған қалааралық және жүк тасымалы, курьерлік және B2B жеткізу қызметтері кіреді. 2023 жылы inDrive New Ventures деп аталатын венчурлық және M&A бөлімшесін іске қосты.
inDrive 48 елде 888-ден астам қалада жұмыс істейді. Өзінің миссиясын басшылыққа ала отырып, компания 2030 жылға қарай миллиардтаған адамдардың өміріне оң әсер етуге ұмтылады. Бұл мақсатқа компания жергілікті қауымдастықтарды әділ бағалау моделін қолдай отырып және inVision коммерциялық емес ұйымы арқылы қол жеткізуде. inVision қауымдастықты нығайту бағдарламалары білім беру, спорт, өнер және ғылым, гендерлік теңдік және басқа да маңызды бастамаларды дамытуға көмектеседі.
Толығырақ ақпарат www.inDrive.com сайтында.