×

"Жүргізуші куәлігін 10-сәуірге дейін ауыстыру керек" – ІІМ мәлімдеме жасады

Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет

"Жүргізуші куәлігін 10-сәуірге дейін ауыстыру керек" – ІІМ мәлімдеме жасады
Сурет: kolesa.kz

Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеп отыр.

Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:

 • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
 • мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.

Еске сала кетейік, куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет. Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр
Бүгін, 07:16

Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Мерекелік шарада аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →