×

«Академик тонап, қашып кеткен»: Тоқаев ғылым саласындағы жемқорлық жайлы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды стратегиялық маңызы зор сала деп санайды 

«Академик тонап, қашып кеткен»: Тоқаев ғылым саласындағы жемқорлық жайлы айтты
Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы отандық ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында ол ғылым саласындағы жемқорлық фактілеріне тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында отандық ғылымды дамытуға тиісті деңгейде көңіл бөлінбеген. Соның салдарынан көптеген ғалымдар өзге салаларға кетуге мәжбүр болды.

«Нәтижесінде елдегі ғылыми қызметкерлердің саны үш есеге қысқарды. Мұндай күрделі ахуал ұлттың зияткерлік әлеуетіне де кері әсер етті. Бұдан бөлек, ғылым саласында жемқорлық фактілері жиілей түсті», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мысал ретінде кезінде «Парасат» холдингін басқарған белгілі академиктің әрекетін атады.

«Белгілі академик сол кезде басқарып отырған “Парасат” холдингін іс жүзінде тонап, отбасымен бірге шетелге – мұхит асып кетіп, АҚШ азаматтығын алған», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, қазіргі уақытта жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Бұл – мемлекеттің нағыз ғалымдарға деген сенімінің нәтижесі.

«Мемлекет ғылымды дамыту үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Үш жыл бұрын мен Ұлттық ғылым академиясын жаңғыртуды тапсырдым. Осы аралықта ауқымды жұмыс атқарылды. Академияға жоғары ғылыми ұйым мәртебесі берілді. Инфрақұрылым жаңартылып жатыр, кадр даярлауға баса мән берілуде. Айта кету керек, бұл үдерістерге өткен жылы қабылданған “Ғылым және технологиялық саясат туралы” заң үлкен серпін берді. Құжатта ғылымды басқару моделін жетілдіруге арналған нормалар мен ғалымдарды әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Жалпы алғанда, бұл заң ғылым саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ғылым – стратегиялық маңызды сала. Соңғы жылдары елімізде ғылымға бөлінетін қаржы 3,5 есе артқан. Жас ғалымдарды қолдау да күшейе түсті. Президенттің пікірінше, мұндай қадамдар еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым бар, олардың жартысына жуығы – 40 жасқа дейінгі жас зерттеушілер.

Бұл көрсеткіш – отандық ғылымда жаңа буын қалыптасып келе жатқанының айқын белгісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды
11.04.2025ж. 20:25

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

"Ұлтаралық алауыздықты қоздырды" деп айыпталған.
Кейбір дақылдар қысқартылып, кейбірінің егіс аумағы ұлғайған
Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →