×

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

"Ұлтаралық алауыздықты қоздырды" деп айыпталған.

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды
Фото: Qaznews24

Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында ол әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталған.

Темірлан Еңсебек қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Сот оның Instagram парақшасының 34 мыңнан астам оқырманы бар парақшасының әкімшісі бола отырып, “басқа ұлт өкілдерінің ұлттық абыройы мен қадір-қасиетін көпшілік алдында қорлауға бағытталған, дөрекі, балағат сөздермен жазылған мәтіні бар музыкалық композициямен бірге пост жариялаған” деп мәлімет таратты.

“Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттарының бірі болып табылатын ұлтаралық келісім мен халық бірлігін бұзуға бағытталған. Сотталушының кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде сот-психологиялық және филологиялық сараптама қорытындысымен, жауап алу хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Іс қарау барысында азамат Т.Е. өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот отырысының қорытындысы бойынша, қылмыстық іс материалдарын зерттеп, тараптардың сот жарыссөздерінде айтқан ұстанымдарын ескере отырып, сот сотталушыны аталған әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп таныды”, - деп хабарлады сот.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →