×

Астанада қауіпсіздік ережелерін бұзған құрылыс компанияларына айыппұл салынды

Былтыр еңбек заңнамасын бұзған 87 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астанада қауіпсіздік ережелерін бұзған құрылыс компанияларына айыппұл салынды
Ашық дереккөздерден

Астанада қауіпсіздік ережелерін бұзған құрылыс компанияларына айыппұл салынды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, қалада қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың бұзылуына байланысты 2 құрылыс нысанында («Райымбек» және «Ayana Plaza» көп пәтерлі тұрғын үй кешені) құрылыс-монтаж жұмысы тоқтатылды. 

«Райымбек» көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша анықталған бұзушылықтар жойылды. Ал «Ayana Plaza» көп пәтерлі тұрғын үй кешені бойынша материалдар сотқа берілді. Өткен жылдың өзінде мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 87 жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұл сомасы 16 млн 700 мың теңгеден асты», - делінген хабарламада.

Құрылыстағы өндірістік жарақаттанудың негізгі себебіне нысандарда жұмыс өндірісінің жоғары қарқыны, құрылыс салушылар тарапынан еңбектің қорғалуы мен қауіпсіздік техникасына қажет қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі жатады. Көп жағдайда шағын мердігерлік ұйымдарда қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жоқ.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен (қорғаныс бас киімі, арнайы киім, монтаждау белдігі), сондай-ақ ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, биік орындардағы жұмыс орындарында және оларға өтетін жолдарда қорғаныс қоршаулары болуы керек және заттардың биіктен құлап кетпеуі үшін қорғаныс торлары болуы керек. Құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары сақталмаған жағдайда жұмыстың барлық түрі тоқтатылады, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылатын болады», - деп хабарлады әкімдіктен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →