×

Абай облысында 260 мың қарағай көшетін заңсыз кесіп, ұрлағандар ұсталды

Олардың келтірген шығынының жалпы құны 500 миллион теңгеден асады

Абай облысында 260 мың қарағай көшетін заңсыз кесіп, ұрлағандар ұсталды
Сурет: 018.kz

Абай облысында қарағай көшеттерін заңсыз ұрлап, сатып жүргендер ұсталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлінгінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ішкі істер министрлігі заңсыз ағаш кесу мен орман қорын жою фактілерін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі түрде мақсатты іс-шаралар жүргізіп келеді. Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.​Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды. ​260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ішкі істер министрлігі орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіреді және одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

47 қызметкердің жалақысын төлемеген лауазымды тұлға жауапқа тартылған
Қазақстанда 2025 жылы жаңа стандартпен 7 жол салыну жоспарланған
Бұл жағдайда әуе тасымалдаушы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →