×

Ақмолада жетім балаға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы тұрған

Ақмола облысында 33 жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз түрде есептен шығарылған

Ақмолада жетім балаға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы тұрған
Сурет: oksagen.com.ua

Ақмола облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтары қорғалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ақмола облысында 33 жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді”, – делінген прокуратура хабарламасында

Қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әлемдік тәжірибеде АЭС-тің құрылысы мен іске қосылуы орта есеппен 10–12 жылға созылады
Оның жалған мекемесінен келген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан
Жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →