×

"6 700 тонна алтын руда": Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталды

Олардан кен өндіру үшін пайдаланатын жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленген

"6 700 тонна алтын руда": Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталды
Сурет: egemen.kz

Елімізде заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

“Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында 5 компанияның тек геологиялық барлау жүргізуге рұқсаты болғанымен, олар бағалы металлды өндірумен және өңдеумен айналысқан. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тінту кезінде 6 700 тоннадан астам алтын құрамды руда, 300 тонна сұйық руда, 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленген. Қазір полиция 60-тан астам қызметкер мен ұйым басшыларын ұстады”, – делінген полиция хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша қазіргі таңда 5 қылмыстық іс қозғалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →