Олардан кен өндіру үшін пайдаланатын жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленген
Елімізде заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
“Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында 5 компанияның тек геологиялық барлау жүргізуге рұқсаты болғанымен, олар бағалы металлды өндірумен және өңдеумен айналысқан. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тінту кезінде 6 700 тоннадан астам алтын құрамды руда, 300 тонна сұйық руда, 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленген. Қазір полиция 60-тан астам қызметкер мен ұйым басшыларын ұстады”, – делінген полиция хабарламасында.
Аталған фактілер бойынша қазіргі таңда 5 қылмыстық іс қозғалған.