×

Сырдария арнасынан асты: Қызылорда облысында жол жабылды

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Сырдария арнасынан асты: Қызылорда облысында жол жабылды
Видеодан кадр

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылының іргесіндегі қауіпті аймақта Сырдария өзені арнасынан асып кетті. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағындағы шаруа қожалықтарына, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.

"Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнда тиіс жұмыстар жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауға алынды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұл күндері облысқа Сырдария өзені арқылы секундына 778 текше метр су ағып келіп жатыр.

"21 ақпан мен 4 наурыз аралығында қабылданған шаралар нәтижесінде өзеннің Жаңақорған, Шиелі аудандары, Қызылорда қаласы, сондай-ақ, солтүстік аудандары - Сырдария және Жалағаш учаскелерінде мұз арқылы қозғалу қауіпсіз етілді. Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылы маңындағы қауіпті учаскеде өзен арнасынан асып кетті. Осыған байланысты аудандық маңызы бар Жалағаш-Жосалы (Жосалы ауылынан 43 шақырым, Жалағаш ауылынан 31 шақырым, Далдабай мен Қызылтам елді мекендері арасындағы) жолы уақытша жабылды", - деді әкімдік өкілдері.

Бұл жол екі елді мекенді - Далдабай мен Қызылтамды байланыстырады. Бұл ретте оларға аудан орталықтары - Жосалы, Жалағаш ауылдарынан апаратын ішкі жолдар бар. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық тасжолы ашық және қалыпты жұмыс істейді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →