×

Жер сілкінісінен қорыққан халық Ыстамбұлдан көшіп жатыр - видео

Қоныс аудару туралы өтініш көбіне Еуропа жағындағы халықтан түскен

Жер сілкінісінен қорыққан халық Ыстамбұлдан көшіп жатыр - видео
cagingazetesi.com.tr

Ыстамбұл халқы Түркияның басқа қалаларында болған жер сілкіністері мегаполисте де қайталанады ма деп қорқып, қаладан жаппай көшіп жатыр. Басқа қалада үйі барлары уақыт оздырмай, бірден көшіп жатса, үйі  болмағандар жер сілкінісі болмай жатып, қаладан шығудың амалын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі TV100-ге сілтеме жасап. 

“Солтүстікке болсын, оңтүстікке болсын, қай жаққа мүмкіндік болса, сол жаққа көшіп кетуге әзірміз”, - дейді қала тұрғыны.

Енді бірі балаларына төнетін қауіптің алдын алғысы келетінін айтады.

“Балаларымызды, келешек ұрпағымызды ойлап, ата-бабамыздан қалған Ерзинджандағы үйімізге көшуді жоспарлап отырмыз”, - дейді мегаполис тұрғыны.

Бұл кездері қалааралық тасымалдаушылардың жұмысы көбейген.

“Кейінгі уақытта қаладан кеткендер саны соңғы 20 жылдың шыңына жетті. Бұрындары бізге күніне 2-3 адам хабарласса, қазір күніне 20-25 адам көмегімізге жүгінеді”, - деді тасымалдаушы Али Айылмаздыр.

Қоныс аудару туралы өтініш көбіне Еуропа жағындағы халықтан түскен. Халық мүмкіндік болса, қаладан кетуге әзір дейді ақпарат көзі.

“Ақшам болса, мүмкіндік болса, Ыстамбұлда қалмаймын”

“3 балам бар, әрине, жер сілкінісі қаупі болғандықтан, кеткім келеді”

“Ыстамбұлдан Ығдырдағы ауылыма қайтқым келеді”, - дейді қала тұрғындары.

Соңғы дерек бойынша, жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 46 мыңнан асқан.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →