×

Даниал Ахметов тағы бес жыл әкім болуды сұрап отыр

Облыс әкімі алдағы жоспарын бүкіл халықтың алдында жариялағанын жеткізді

Даниал Ахметов тағы бес жыл әкім болуды сұрап отыр
Ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «өңірді дамыту бағдарламасын іске асыру үшін бес жыл уақыт керектігін» мәлім етті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz порталына телеарнасына сілтеме жасап.

«Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан халқына осындай шаруаларды аяғына дейін атқарып беремін дейтін бастамаларыңыз бар ма?» - деген сауалға жауап берген облыс әкімі алдағы жоспарын бүкіл халықтың алдында жариялағанын жеткізді.

«Барша ауданда біз жоспарды айттық. Аудандарымыз қалай дамиды? Бұрынғы аудан орталықтарында не істеу керек? 387 ауылда не істейміз? Соның бәрін біз айтып бердік. Барша халық білуі керек. Неге десеңіз, мыңдаған данамен (ақпаратты) газетке шығардық. Бір отбасыға бір газет алдық. Жылдан-жылға жоспарды барша халыққа таратып жүрміз. Сөзсіз біздің барлық бағдарламамыз іске асырылады», - дейді Ахметов.

Журналистің «ол үшін сізге қанша уақыт қажет?» деген сұрағына «жалпы, біздің бағдарламаның ұзақтығы – бес жыл» деп жауап берді.

«Неге десеңіз, оған уақыт керек. Қаржы керек. Барша мәселенің, проблеманың уақыты болады ғой. Бір күннің ішінде сіз Америкаға бара алмайсыз. Сегізінші қабатқа шыға алмайсыз. Баспалдақпен асықпай баруыңыз керек. Біз де дәл солаймыз. Өмір солай», - дейді Даниал Ахметов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →