×

Аманаттықтар Жамбылда ақ халаттылармен кездесті

Облыстың медициналық мекемелерінде 108 жоғары білікті маман жетіспейді

Аманаттықтар Жамбылда ақ халаттылармен кездесті
"Аманат" партиясы

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Жанар Бүркітбаева облыстық фтизипульмонология орталығының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Ақ халаттылармен өткен басқосуда «аманаттықтар» партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, денсаулық саласындағы жетістіктер мен мәселелерді талқыға салды.

- Бүгінгі таңда онкологиялық орталықтарды жаңғыртуға жәрдемдесу және диспансерлерді диагностикалық радиологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, жедел медициналық көмекті цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу мен телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру керек. «AMANAT» партиясы жыл сайын денсаулық сақтау ұйымында кемінде 160 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, кемінде 38 дәрігер біліктілігін арттыру үшін жетекші шетелдік медициналық клиникаларға жіберіледі. Партия ұсынған бұл саладағы шаралардың нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,3-тен 75 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 38,8 пайызға дейін төмендетуге әрі маман тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - деді Махметғали Нұрғалиұлы.

Айта кетейік, бүгінде 5 денсаулық сақтау ұйымы жалға берілетін және бейімделген үй-жайларға орналастырылған. Ал денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 52,4 пайызға тең. Сонымен қатар, облыстың медициналық мекемелерінде 108 жоғары білікті маман жетіспейді. Бұл мәселелерді шешу уақыт пен атқарушы және бақылаушы органдардың бірлесе жұмыс істеуін қажет етеді. «AMANAT» партиясы 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысы сапалы және уақтылы болуына айрықша назарға алмақ.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →