×

Медицина саласына мейлінше көңіл бөлінбек

Соңғы жылдары өңірде денсаулық сақтау саласының 20 нысаны пайдалануға берілген

Медицина саласына мейлінше көңіл бөлінбек
"Аманат" партиясы

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Жанар Бүркітбаева облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бүгінде мұнда бас-аяғы 395 адам, оның ішінде 39 дәрігер, 158 орта буынды қызметкерлер  және 136 санитарлар жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл ауруханада 268 азамат ем қабылдауда.

Кездесу барысында «аманаттықтар» мемлекеттің басты байлығы – адам денсаулығы жетекші партияның қатаң бақылауында екенін атап өтті. Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар соңғы жылдары өңірімізде денсаулық сақтау саласының 20 нысаны пайдалануға берілгенін жеткізді.

- Мұндағы ішінде емхана, 15 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт негізінен ауыл-аймақтарда ашылды. Жалпы, қазіргі уақытта облыста 466 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде, 388-і мемлекеттік  болса, жекеменшік нысан - 58. Облыстың медициналық мекемелерінде 15,7 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді, - деді Жанар Бүркітбаева.

Кездесу соңында ақ халаттылардың сұрақтарына нақты жауап берген партиялықтар оларды 19 наурызда өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырып, лайықты партия мен үміткерге дауыс беруге үндеді.

 

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →