×

Мемлекетке 519 млн теңге шығын: Таразда құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

Ол көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырған

Мемлекетке 519 млн теңге шығын: Таразда құрылыс бөлімінің басшысы сотталды
Сурет: gov.kz

Мемлекетке 519 млн теңгеден астам шығын келтірген Тараз қаласы құрылыс бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

“Тараз қаласының соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Н. Қалдыбаевты, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарының өкілі О. Ерболатұлын соттады. Ерболатұлы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, ал Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған. Олардың қылмыстық қызметінің нәтижесінде мемлекетке 519 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Сот үкімімен Қалдыбаевқа 4 жыл, Ерболатұлына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталған Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды, ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды”, – делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енгенбеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететін болды
Кеше, 12:31

Питер Фостер «Air Astana» басшылығынан кететін болды

. Ол «Air Astana» компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді
Алматыда қалалық жарықтандыру жүйесі жаңартылуда
Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар
Сирияда Башар Асадты режимі құлағаннан кейін алғашқы парламенттік сайлау өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →