×

Банктер арасында телефон нөмірі арқылы аударымдар 2025 маусымында іске қосылады

Бұл клиенттерге банкаралық QR төлемдер мен мобильді аударым сервистеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банктер арасында телефон нөмірі арқылы аударымдар 2025 маусымында іске қосылады
Ұлттық банк

Банктерге мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қосылу міндеттелмек. Бұл туралы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту және цифрлық активтерді реттеу тәсілдері туралы брифингте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов хабарлады, деп жазады Qaz365.kz

Оның айтуынша, бұл клиенттерге банкаралық QR төлемдер мен мобильді аударым сервистеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біз банктердің өзара тиімді жұмыс істеуін, қаржы қызметтерінің қолжетімді болуын және бәсекелестікті дамытып, тұтынушы құқығының қорғалуын қамтамасыз етуді көздейміз. Сонымен бірге еліміздің қаржы секторының дербестігін нығайтуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Берік Шолпанқұлов.

Жиын барысында Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі, цифрлық трансформация жөніндегі жетекші Бинұр Жәленов маусым айында алғашқы бес банктің клиенттері үшін телефон нөмірі арқылы банкаралық аударымдар қолжетімді болатындығын мәлімдеді.

Аталған іс-шаралар Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылуда. Оған Ұлттық төлем жүйесі, Алаяқтық транзакцияларға қарсы ұлттық орталық, Қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесі, Ашық банкинг және Цифрлық теңге платформалары кіреді. 

Сонымен қатар, Ұлттық банк басқа мемлекеттік органдармен бірге цифрлық активтерді реттеу жөнінде заңнамалық өзгерістер қалыптастыруға бағытталған түзетулер кешенін әзірледі.

Түзетулер екі блоктан тұрады. Бірінші, цифрлық қаржы активтерінің құқықтық мәртебесін анықтай отырып оларды іске қосу көзделген. Екінші, қорғалмаған криптовалюталардың айналымын реттеу үшін криптовалюта айырбастау ызметін көрсететін провайдерлерді лицензиялау.

Заңнамалық бастамалармен қатар Ұлттық Банкте цифрлық активтер бойынша реттеуші орта құрылады. Оның аясында нарық қатысушылары түрлі инновациялық сервистер мен технологияларды сынақтан өткізе алады, – деп қорытындылады Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресейге баратын қазақстандықтар нені ескеруі қажет
Бүгін, 15:41

Ресейге баратын қазақстандықтар нені ескеруі қажет

90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт
Оның пәтерінен қояндармен бірге оның өлексесі де табылған
Іс бойынша толық мәлімет әзірге жарияланған жоқ
Олардың заңға қайшы әрекеттеріненкелтірілген залал 400 миллион теңгеден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →