×

Алматы жылу желілерінің басшылығына 2 млрд теңге айыппұл салынды

Айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады

Алматы жылу желілерінің басшылығына 2 млрд теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзден

Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты үкімімен пара алғаны үшін бірқатар адам жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде:

- "Алматы жылу желілері" ЖШС (бұдан әрі - АЖЖ) бас директоры К. Бейсенбиновке 560 миллион теңге сомасындағы айыппұл;

- АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетовке 560 миллион теңге сомасындағы айыппұл;

– АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Джингильбаевке 560 миллион теңге көлеміндегі айыппұл;

- Пара бергені үшін "СпецКоммунСтрой" ЖШС директоры Б. Разимбековке 400 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалып, сотталды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллиард 80 миллион теңге болды, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

Айта кетейік, АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 миллион теңге сомасында пара алды деп күдіктенді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →