×

“Навальный” деректі фильмі Оскар сыйлығын жеңіп алды

"Навальный" фильмі 2020 жылы тамызда саясаткердің Томскіде уланған кезінен бастап, Еуропада емделгенін, кейін Ресейге оралғанына дейін баяндайды

“Навальный” деректі фильмі Оскар сыйлығын жеңіп алды
novayagazeta.ru

CNN Films пен HBO Max стриминг сервисінің тапсырысымен Канада режиссері Дэниел Роэр түсірген "Навальный" деректі фильмі Америка киноакадемиясының "Оскар" сыйлығын алды. Салтанатты рәсім дүйсенбіге қараған түні, 13 наурызда өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Награданы режиссермен бірге Алексей Навальныйдың әйелі Юлия, қызы мен ұлы – Дарья және Захар алды. "Долби" театрының сахнасында тұрып Юлия: "Менің күйеуім шындықты айтқаны үшін түрмеде отыр" деді.

Режиссер Навальныйдың отбасына және Bellingcat зерттеушісі Христо Грозев пен "ФБК" зертттеушісі Марию Певчихқа алғыс айтып, "Сіздерге рақмет, бүкіл әлем сіздермен бірге" деді.

"Навальный" фильмі 2020 жылы тамызда саясаткердің Томскіде уланған кезінен бастап, Еуропада емделгенін, кейін Ресейге оралғанына дейін баяндайды.

Бұған дейін картина Британияның кино өнері саласындағы жоғары сыйлығы – BAFTA киноакадемиясы жүлдесінің лауреаты болған.

Ресйге оралғаннан кейін көп жылға сотталған Навальный қазір Владимир облысындағы колонияда қамауда отыр. Оның үстінен тағы да бірнеше қылмыстық іс қозғалған, бұл істер бойынша оны түрмеге қамау мерзімі ұзара беруі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →