×

Мұғалім оқушыны әжетханаға жібермегені үшін қызметінен кетті

Оқушының анасының айтуынша, сол күні қызы сабақ үстінде іші ауырып тұрғанын айтып, әжетханаға сұранған

Мұғалім оқушыны әжетханаға жібермегені үшін қызметінен кетті
tengrinews.kz

Қостанай облысында мұғалім оқушыны сабақ кезінде әжетханаға жібермегені үшін қызметтен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі HalyqUni-не сілтеме жасап.

Оқушының анасының айтуынша, сол күні қызы сабақ үстінде іші ауырып тұрғанын айтып, әжетханаға сұранған. Ал мұғалім оған “7 минут қалды, шыда” деген. Салдарынан оқушы шыдай алмаған. Кейін оны әпкесі мектептен алып кеткен.

«Баламның құқығы бұзылды деп есептеймін. Бұл – мұғалімнің қорлауы. Қызым қазір мектепке барғысы келмейді, ұялады. Бұл үлкен психологиялық қысым болды. Білім бөлімі тарапынан ешқандай шара қолданылмаса, прокуратураға хабарласатынымды ескерттім», - дейді оқушының анасы.

Бұл оқиғадан соң мұғалім жұмыстан кеткен. 

Білім бөлімінің басшысы Темурхан Жайлыбаев болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Қыздың анасы мұғалімді жазалауды талап етті. Мұғалім жұмыстан кету туралы арыз жазды. Ол кешірім сұрады. Мұғалім көп жылдық тәжірибесі бар жақсы ұстаз. Ол оқушы бір рет барып келгесін екінші ретінде сабаққа қатыспау үшін деп ойлаған. Оқиға орын алған кезде мұғалім қызды сыныптан ақырын ешкімге білдіртпей алып шыққанын айтты. Не болғанын балалардың ешқайсысы түсінбеді», - деді білім бөлімінің басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Кеше, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →