×

Қазақстанда арақ саудасы екі есе артып кетті

2022 жылы елдегі дүкендерде 139,9 млн литрден астам арақ, коньяк және спирт сатылыпты

Қазақстанда арақ саудасы екі есе артып кетті
Sputnik / Михаил Мордасов

Еліміздің нарығында арақ, коньяк және спирт саудасы қызып тұр. 2022 жылы елдегі дүкендерде 139,9 млн литрден астам арақ, коньяк және спирт сатылыпты. Energyprom.kz ресурсының сараптамасында осындай мәлімет берілген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл – елдегі спирттік ішімдіктер нарығының статистикасындағы абсолютті рекорд. 2021 жылмен салыстырғанда ішкі нарықта спирттік ішімдік сату көлемі 90,4% өсті. Өсім негізінен арақ пен ликер-шарап өнімдерінің саудасы есебінен пайда болған – 44,2 миллион литрден 90,1 миллион литрге дейін артқан. Спирт саудасы да қызып, 29,3 миллион литрге жетті (плюс 68,1%). Ал коньяк нарығында 20,5 миллион литр өнім сатылған (73,5% өсім). Қызуы жоғары спирттен басқа ішімдік түрлеріне деген сұраныс мұншалықты жоғары болған жоқ. Шарап сату көлемі 26,9%, шампан сату 28%, сыра сату 1,9% азайған», - деп жазылған сараптамада.

Мақалада мұндай өсімнің себебі де айтылған.

«Қазақстанда алкогольге деген сұраныстың осыншалық артуын жалғыз жайтпен байланыстыруға болады. Елде қазақстандықтарға қарағанда әсіресе арақ пен коньякты айрықша көп көлемде тұтынатындардың саны күрт өскен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының дерегінше, ресейліктер қазақстандықтарға қарағанда екі есе көп ішімдік ішеді (жан басына шаққандағы көрсеткіш)», - деп жазады Energyprom.kz.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
17.05.2025ж. 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →